Қазақстан-Израиль: Озық технологиялар бағытында серіктес болады
Бүгін
Президент Израиль Мемлекеті Кнессетінің Төрағасы Амир Охананы қабылдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың перспективасын қарастыру
тұрғысынан бұл сапардың мәні зор екенін атап өтті. Кездесуде сауда-экономикалық
серіктестікке баса назар аударылды. Сонымен қатар, су ресурстары саласындағы
кооперация мәселесі талқыланды. Мемлекет басшысы Израильде жасалған озық
технологияларға жоғары баға беріп, еліміз аталған бағытта серіктестік орнатуға
әзір екенін растады. Өз кезегінде Амир Охана қонақжайлық танытқаны үшін
Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Ол екі елдің көпжоспарлы байланыстарының
табысты дамып, ықпалдастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашып келе жатқанына
ерекше бағалайтынын жеткізді.

