О. Бектенов үкімет алдындағы негізгі міндеттерді атап өтті

О. Бектенов үкімет алдындағы негізгі міндеттерді атап өтті

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мәселелері жөніндегі кеңес барысында министрлер кабинеті алдындағы негізгі міндеттерді атап өтті.

Премьер-Министр Қаржы министрлігіне 10 күн ішінде республикалық бюджетке ревизия жүргізуді тапсырды. Ал жергілікті бюджеттерге аса маңызы жоқ шығыстарды қыстарту керектігін айтты.

Премьер-Министр Салық кодексінің жобасын қайта жазып, оның философиясын өзгерту қажеттігін де ескертті. Оның басты міндеті – бизнестің белсенді болуына жағдай жасап, оны ұлғайтуға ынталандыру. Үкімет басшысы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың меншік иелеріне он күн ішінде жаңа жоғары дәрежеде өңдеу өндірістерін құрудың нақты жоспарларын ұсыну керектігін айтты. Ең алдымен, бұл өндіруші салалардағы кәсіпорындарға қатысты болуы тиіс.

Сондай-ақ, Олжас Бектенов кеңес барысында құрылыс, әлеуметтік саланы реформалау, көлік және ауыл шаруашылығындағы цифрлық трансформациялау мәселелерін де назарсыз қалдырмады.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Өсу қарқынын тиімді ұлғайту, экономиканы әртараптандыруды белсендірек жүргізу, инвестиция тарту және барлық міндеттерді шешу үшін жеткілікті өкілеттіктер берілді. Министрлер өз бетінше шешім қабылдай білуі тиіс, Салалық мәселелерді де өз деңгейінде жедел шешулері қажет. Жұмыс қарқыны жоғары, сол себепті талап та қатаң болатынын әркім түсінуі тиіс.