Келесі Құрылтайға дайындық басталды
Қызылордада Ұлттық құрылтайдың келесі
отырысына дайындық басталды. Жуық арада жиынды ұйымдастыру жөнінде жұмыс тобы
құрылады. Оның құрамына бірінші кезекте өмірлік өнегеге бай зиялы қауым
өкілдерін тарту көзделіп отыр. Мұнымен қоса, тарихшы ғалымдар мен азаматтық
қоғам белсенділерінің пікірі ескерілмек. Айта кетейік, биыл ел астанасын
Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына және халқымызға «қазақ»
атауының қайтарылғанына 100 жыл толды. Осыған орай Ұлттық құрылтайдың Сыр
жерінде өтетініне жергілікті тұрғындар қуанышты. Олар алқалы жиында ел ішіндегі
күрмеулі мәселелер талқыға түсетініне сенім білдіреді.

