Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдеуі мүмкін
Енді қазақстандықтарға шенген визасын алу тәртібі жеңілдеуі мүмкін. Бұл туралы Еуроодақ пен Қазақстан өкілдері қатысқан жиында айтылды. Одақ осы мәселе бойынша елімізбен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Осылайша қос тарап арадағы ынтамақтастықты нығайтуға мүдделі екенін растады. Еске салайық, Еуроодақ пен Қазақстан виза талаптарын жеңілдету мүмкіндігін биыл маусым айынан талқылай бастады. Шенген орталығының мәліметі бойынша, 2023 жылы Қазақстан азаматтары 159 мыңнан астам өтініш берген. Оның 144 мыңға жуығы мақұлданды. 14 мыңнан астам адамға виза берілген жоқ.

