Қоғамдық орындарда бет-әлпетті тұмшалауға тыйым салынады
Сенат қоғамдық орында бетті бүркемелеп жүруге тыйым
салатын заңды Мәжіліске қайтарды. Депутаттар ішкі істер органдарының жұмысын
жүйелендіру үшін заңның кейбір баптарына өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Себебі,
елдегі қылмыстық деректердің 100-ден астамында күдіктілер ізін жасыру үшін
беттерін тұмшалап алған. Осыған байланысты мәжіліс депутаттары қоғамдық
орындарда адамның бет әлпетін жасырып жүруге тыйым салатын заңды ұсынған еді.
Сенат бұл ұсынысты қолдады. Бұл бір жағынан құқық қорғау қызметкерлерінгің
жұмысын жеңілдетеді. Бірақ заң жобасының медициналық мақсаттар, ауа райы
жағдайы, қызметтік немесе еңбек міндеттерін орындау жағдайларына қатысы
жоқ.

