Қызылорда облысының бюджеті 744 млрд теңгеге жетті
Қызылорда облысы экономикалық көрсеткіштер бойынша республикада көш бастады. Аймақта өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімділігі 3,6 пайызға артып, облыс бюджеті 744 млрд теңгеге жеткен. Сыр өңіріндегі осы және өзге де жетістіктер турасында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев журналистермен өткен брифинг барысында хабарлады
Сыр өңірінде соңғы жылдары мұнай өндірісі күрт төмендеп кетті. Шыны
керек, аймақта салықтық түсімдер тікелей осы салаға байланысты. Дегенмен, облыс
басшылығы сындарлы сәтте сыр бермей, экономиканың өзге жүйелерін жетілдіруге
кіріскен. Бұл бастама өз нәтижесін берді. ((Әсіресе, өңірде өңдеу өнеркәсібі
мен құрылыс саласында қарқын жоғары.))

