Қандас мәртебесін ұзарту тәртібі жеңілдейді

Қандас мәртебесін ұзарту тәртібі жеңілдейді

Қазақстанға қоныс аударған этникалық қазақтардың қандас мәртебесінің уақытын ұзарту тәртібі жеңілдетілуі мүмкін. Тиісті жобаны елдің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынып отыр. Ведомства бұндай мәртебені беру кезінде қажетті құжаттар мұқият зерттелетінеді, сондықтан оны ұзарту үшін қайтадан тексерудің қажеті жоқ дегенді алға тартуда.  Осыған байланысты тиісті шешімді енді жергілікті атқарушы органның өзі қабылдай алады. Бұған дейін оны арнайы комиссия қарайтын. Жалпы жыл басынан бері 16 400-ден аса адам қандас мәртебесін алды. Бейінді ведомствоның мәліметінше, тарихи отанына қоныс аударғандардың басым бөлігі Өзбекстаннан келген. Қалғандары Қытай, Моңғолия, Ресей, Түрікменстан және басқа мемлекеттерден.