Президент Мәжіліс пен Сенаттың 30 жылдық жұмысына баға берді

Президент Мәжіліс пен Сенаттың 30 жылдық жұмысына баға берді

Қос палаталы Парламент тарихи миссиясын аяқтады. Отыз жыл ішінде 3,5 мыңға жуық заң қабылданған. Ал әрбір оныншы заңға депутаттар бастамашы болды. Бастысы мінберде көтерілген мәселелердің 99 пайызы шешімін тапқан. Қабылданбай, кері қайтарылған құжаттар да аз емес. Мінбердегі орнын босатып, кабинет кілтін тапсырған депутаттар бүгін соңғы рет бірлескен отырысқа қатысты.