Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті. Израиль Президенті Мемлекет басшысын жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен және жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады. Әңгіме барысында екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық мемлекет ұзақмерзімді экономикалық даму жоспарын жүзеге асыруы үшін бейбітшілік қажет деген пікірімен келісетінін жеткізді. Қазақстан президенті халықаралық даулы мәселелердің саяси шешімін ұдайы іздестіру керек деп санайтынын айтты. Өз кезегінде Израиль президенті Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешімін жоғары бағалады. Оның пікірінше, бұл Таяу Шығыста бейбітшілік орнату мәселесіне стратегиялық тұрғыдан қараудың үлгісі болмақ.

