Елордада халықаралық парламенттік конференция өтті

Елордада халықаралық парламенттік конференция өтті

«Елбасы. Тәуелсіздік. Парламент». Елордада осындай атаумен халықаралық парламенттік конференция өтті. Дәстүрлі басқосу бұл жолы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр. Іс-шараға Словакия, Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан секілді алыс-жақын шетелдердің парламент басшылары мен халықаралық ұйымдардың сарапшылары қатысты. Жиын қонақтары Қазақстанның ширек ғасырдан астам уақыт ішінде жүріп өткен жолы мен жеткен жетістіктерін жоғары бағалады. «Бұл ретте Тұңғыш Президенттің күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді ішкі ғана емес, сыртқы саясатта да өткір көтере білуі маңызды рөлге ие», – дейді олар.

Рышард Чарнецкий, Еуропа парламентінің депутаты:

- Нұрсұлтан Назарбаев нақты бағдарламалар ұсынып, бітімгершілік бастамалармен көтере отырып, Қазақстанның халықаралық аренада биік орнын қамтамасыз етті. Соның арқасында бүкіл әлем Қазақстанның қандай әлеуеті бар екенін білді. Ең бастысы, ол Қазақстанның осы серпілісін АҚШ, Қытай және Ресей сияқты барлық ірі халықаралық ойыншыға жеткізді.