Су – ұлттық қауіпсіздік мәселесі

Су – ұлттық қауіпсіздік мәселесі

Бүгін елімізде су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осыған орай Ақордада алғаш рет сала ардагерлері мен үздік мамандар марапатталды. Мемлекет басшысы бұл қызметтің ел үшін маңызын атап, сала мамандарының еңбегіне жоғары баға берді. Сондай-ақ, тапшы судың тамшысын ұқыптап пайдалану керектігін айтты. 

Су – тіршілік көзі. 2040 жылға қарай әлемде оған сұраныс 40 пайызға артуы мүмкін. Осындай сын-қатерге дайын болу үшін Қазақстан қазірден су инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңартып жатыр. Бүгінде бұл салада 30 мыңға жуық маман жұмыс істейді. Олар ауыл мен қаланы, өндіріс пен егістікті үздіксіз сумен қамтып отыр. Президент бұл қызметтің ел үшін маңызын атап, сала мамандарының еңбегіне жоғары баға берді.