Almaty TechCup: халықаралық робототехника чемпионаты
Almaty TechCup. Алматыда робототехника, жаңа технологиялар және бағдарламалау бойынша халықаралық чемпионат басталды. Ауқымды додаға елдің түкпір-түкпірінен және 5 елден келген мыңдаған оқушы қатысып, өзара бақ сынап жатыр.
«Алматы
Арена» спорт кешені бүгін нағыз технология алаңына айналды. Мұнда елдің түкпір-
түкпірінен және көршілес мемлекеттерден келген 3 мыңнан астам оқушы бас қосты.
Бұл шамамен 400 команда. Әрқайсысы - озық технологияның тілін білетін
өнертапқыш. Оның ішінде Астанадан келген Әлинұр да бар. Ол өз командасымен
бірге құрастырған роботын жарыс алаңына алып шығып, қарсылас роботтармен
шайқасқа дайындап отыр.

