Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысты
Парламент тарап, Құрылтай құрылса да Қазақстан Президенттік Республика болып қала береді. Қасым-Жомарт Тоқаев қос палатаның бірлескен отырысында осылай деді. Жиында Мемлекет басшысы, сегізінші шақырылым депуттарының атқарған еңбегін жоғары бағалап, алғысын білдірді. Сондай-ақ, Президент жаңа Құрылтайға жүктелер міндеттерді айқындап, алдағы жұмыс жоспарын айтты.
Енді
Парламент орнына Құрылтай құрылады. Оған жүктелер жауапкершілік жоғары болмақ.
Бір палаталы орган бюрократиялық кедергілерді жояды, заң шығарады. Ұлттық
заңнаманы цифрлық матрицаға шұғыл бейімдейді. Ең алдымен мемлекеттік биліктің
жаңа құрылымын қалыптастырып алу керек, - деді Президент.

