Мемлекет басшысы Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті

Мемлекет басшысы Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапарын осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етуден бастады.  Мемлекет басшысы қайраткердің рухына тағзым етіп, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның достығы нығая беретініне сенім білдіріп, бауырлас түрік халқының өсіп-өркендеуін тіледі. Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты.