ҚР ОСК: Жаңа халықаралық байқаушылар аккредиттелді

ҚР ОСК: Жаңа халықаралық байқаушылар аккредиттелді

Мұхтар Ерман, ҚР ОСК хатшысы:

- 2023 жылдың 20 қаңтарында халықаралық байқау университеті ашылғаннан бері 3 шет мемлекеттен 2 халықаралық ұйымнан 62 байқаушыны ресми тіркеуден біз өткізген болатынбыз. Бүгінгі таңда сыртқы істер министрлігінен 3 шет мемлекеттен, 2 халықаралық ұйымнан 12 байқаушыны тіркеуден өткізу ұсынылған болатын. Атап айтсақ, Корея республикасы, Қырғыз республикасы, Тайланд корольдігінен 1 байқаушыдан, ТМД байқаушылар миссиясынан 7 кандидатура,  ЕҚЫҰ ДИАҚБ – 2 байқаушы тіркеуге ұсынылды. 

Спикер сондай-ақ 10 ақпанда Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен ұсыныс түскенін, оған сәйкес Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясынан оның құрамын өзгерту туралы нота келгенін айтты. Сондықтан комиссия байқауға қатыса алмайтын екі байқаушының аккредитациясын қайтарды.