АҚШ азаматтығын алу қиындайды
Енді Америкада дүниеге келген өзге ел азаматтарының балаларына АҚШ азаматтығы берілмеуі мүмкін. Жаңадан сайланған президент Дональд Трамп тиісті заңның күшін жоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы ол NBC News арнасына берген сұхбатында айтты. Жалпы, Трамп көші-қон саясатын қатаңдатуға ниетті. Ол АҚШ аумағында заңсыз жүргендердің барлығын елден шығаруға дайын екенін мәлімдеді. Алайда бала кезінде келген құжатсыз иммигранттардың Америкада қалуына рұқсат беретін заң қабылдау үшін демократтармен жұмыс істеуге ашық екенін жасырған жоқ. Еске салайық, Трамп президент сайлауы кезінде өз сайлаушыларына көші-қон саясатын қатаңдатуға уәде берген. Оның айтуынша, жаппай депортациялау бағдарламасы қылмыс жасаған заңсыз иммигранттардан басталып, кейін «қылмыскер емес адамдарға» ауысады.