Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын қарастырды. Құжат елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың жалғасы, қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Мемлекеттік кеңесші сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиімді шаралар мен тәжірибелерді одан әрі енгізу керектігін және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге нақты әсері туралы объективті деректерді қадағалау және ГРЕКО-мен сындарлы ынтымақтастықты нығайтуға баса мән берілетінін айтты.