Қ.Тоқаев мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Елордада мемлекеттік туды көтеруге арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік рәсімге президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. «Ақорда» резиденциясының алдында Құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшысына рапорт берді. Кейін Президенттің бұйрығымен еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұран орындалды. Айта кетейік, салтанатты рәсім өңірлерде жалғасты.