Президент: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүзеге аса бастады

Президент: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүзеге аса бастады

Өркениетті ел ретінде «Заң мен тәртіп» қағидатын ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналдыру қажет. Бүгін Президент «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі» атты халықаралық форумға қатысып, осылай деді. Жиынға елдің түкпір-түкпірінен шамамен 300 судья мен заңгер қатысты. Мемлекет басшысы әкімшілік дауларды шешуде жүйелілік қажет екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев министрлерге, әкімдерге және депутаттарға халықтың мұң-мұқтажын ескеріп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жалғастыруды тапсырды.