Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады. Ұлттық құраманың Париж Олимпиадасына әзірлігі қандай? Бұл туралы Геннадий Головкин Мемлекет басшысына мәлімет берді. Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы ұйымның халықаралық бағыттағы қызметін қалай үйлестіріп жатқанын және салалық білім беру жобалары жайында баяндады.

Геннадий Головкиннің айтуынша, Ұлттық олимпиада комитеті спортшылардың құқығын қорғауға басымдық береді. Осы орайда ұйымның Халықаралық Олимпиада комитетімен, Азия Олимпиада кеңесімен және басқа елдердің осындай құрылымдарымен байланысы жандана түскен.