БҰҰ-ның тағы бір топ қызметкері Кабулдан Алматыға жеткізілді

БҰҰ-ның тағы бір топ қызметкері Кабулдан Алматыға жеткізілді

БҰҰ-ның тағы бір топ қызметкері Ауғанстаннан Алматыға жеткізілді. 108 жолаушы мінген ұшақ Алматы халықаралық әуежайына келіп қонды. Бұл – Кабулдан келген екінші рейс. Жолаушылардың арасында БҰҰ қызметкерлерінен бөлек, Ауғанстандағы БҰҰ серіктестері саналатын бірнеше үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері бар. Ұйымның ауған еліндегі мақсаты – серіктестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және миллиондаған мұқтаж ауғандыққа маңызды гуманитарлық және басқа да көмек жеткізу.

Айта кетейік, Қазақстанға БҰҰ қызметкерлері бар алғашқы рейс 18 тамызда келген болатын. Ұйым өкілдерінің бірқатары өз жұмысын қашықтан, Алматыда отырып атқаратыны белгілі.