Абу-Дабидің Тақ мұрагері Қазақстанға келді

Абу-Дабидің Тақ мұрагері Қазақстанға келді

Арабтар Түркістанда перзентхана салады әрі Елорда әуежайын дамытуға инвестиция құяды. Тағы суперкомпьютер жүйесін құрып беруге көмектеспекші. Бүгін Ақордада Президент Қазақстанға ресми сапармен келген Абу-Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды қабылдап, ауқымды келіссөз жүргізді. Тараптар құны 5 млрд доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қоюға уағдаласып отыр.