Президент Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрін қабылдады

Президент Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрін қабылдады

Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дамып келеді. Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдаған Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Мемлекет басшысы бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты жүзеге асырудың, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтудың маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, Ресей Президенті Владимир Путиннің мамыр айының соңында Қазақстанға жасайтын сапарына дайындық мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев ресми Астана бұған айрықша мән беретінін айтты.