Қ.Тоқаев жаңа жарлыққа қол қойды

Қ.Тоқаев жаңа жарлыққа қол қойды

Бұдан былай министрлер мен әкімдер халықпен ұдайы кездесіп отырады. Мемлекет органдары басшыларының  бұқарамен кездесу тәртібі  белгіленген   Президент Жарлығы шықты.

Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерінен өзге орталық атқарушы органдардың басшылары кездесу өткізу күні мен уақытын халықтың пікірін ескере отырып, айқындауы керек.  Ал, кездесулер кестесін жыл сайын 10-шы қаңтарға дейін Үкімет бекітеді.

Өңірлерде қандай да бір жағдай нашарласа орталық органдардың басшылары жұртшылықпен кестеден тыс кездесу өткізеді. Бұған қоса бірінші жетекшілер халықпен әлеуметтік желіде де жүздесіп отыруға міндетті. Онлайн кездесу уақытының төрттен бір бөлігі – баяндамаға, қалғаны «сұрақ-жауапқа» арналуы керек. Ал, бұқараның көтерген мәселесін шешу жолдары он күннен кешіктірілмей жариялануы тиіс. Кездесулердің қорытындысы Үкіметте әр алты ай сайын қаралады.