Халық қалаулылары Ұлытау облысының тұрғындарымен Президент реформаларын талқылады

Халық қалаулылары Ұлытау облысының тұрғындарымен Президент реформаларын талқылады

Мәжіліс депутаттары Ұлытау облысына барды. Өңірдің қоғам белсенділерімен кездесу барысында, олар мемлекет басшысы мұрындық болған реформалар жайында айтып берді. Парламенттің төменгі палатасының спикері Ерлан Қошановтың айтуынша, 2023 жыл еліміз үшін аса маңызды жыл болды. Осы аралықта кешенді жаңғырту жұмыстары жалғасып, жаңа экономикалық саясат бастау алды. Депутаттар жеткен жетістіктер мен алдағы жоспарларға тоқталып, егжей-тегжейлі баяндады. Мәселен былтыр әлемдегі тұрақсыздыққа қарамастан, ел экономикасының өсімі 5% төмендеген жоқ. Оның үстіне, шетелден тікелей инвестиция да көптеп тартылды. 2023 жылғыдай, биыл да өңірлердің дамуы басты саяси бағыт болып қала бермек. Атап айтқанда, Ұлытау өңірінде тұрғын үй мен әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізіледі. Халық қалаулылары болса, бұл үрдісті қатаң бақылауда ұстап, жобалардың жүзеге асырылуына көмектеседі.