Парламент алдында үлкен міндеттер тұр – Мәулен Әшімбаев

Президенттің бастамаларын заңнамалық тұрғыдан қолдау – біздің басты міндетіміз. Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының Жолдауына қатысты пікір білдірді. Жаңа Жолдау алдыңғылардан мән-мағынасы жағынан ерекшеленетінін атап өтті. Оның ішінде бірқатар маңызды саяси реформа мен жаңа бастаманың болғанын сөз етті. Атап айтқанда, Жолдауда Парламент рөлін күшейту жөнінде айтылды. «Мұндай қадам Парламент алдына үлкен міндеттер қойып, жаңғыру жолында жауапкершілік жүктейді», – деді Сенат төрағасы. Онымен қоса Мемлекет басшысы көтерген мәселелер қоғамның қажеттілігі мен сұранысына негізделгенін атап өтті.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Осы жылдың сонына дейін 20-дан астам заң қабылдау керек. Яғни біздің алдымызда үлкен мақсаттар бар. Сол себепті алдағы уақытта жүйелі әрі кешенді жұмыс жүргізу қажет. Заңдарды қабылдау барысында халық, азаматтық қоғам өкілдері мен сарапшылардың пікірлерін ескеру аса маңызды. Президентіміздің бастамаларын заңнамалық тұрғыдан қолдау – біздің басты міндетіміз. Сол себепті қазір нағыз ел болып, білек түріп жұмыс істейтін кезең.