Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады

Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады

Мәжілістің 8-ші шақырылымының 3-ші сессиясы 62 заң жобасын қабылдап, оны сенатқа жіберсе, 55-іне Президент қол қойған.Мемлекет басшысының қабылдауында болған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов осылай деп есеп берді. Мақұлданған заң жобаларының қатарында: Су кодексі, Қаржы нарығын дамыту, ойын бизнесін реттеу сынды құжаттар бар. Қазір депутаттар қарауында 76 заң жобасы жатыр. Соның бірі - Салық кодексі. Мәжіліс спикері Ұлттық құрылтайда берген тапсырмалардың заңнамалық тұрғыдан орындалу барысын да Президентке баяндады. Ерлан Қошанов «Аманат» партиясының төрағасы міндетін де атқарғандықтан, «Қарызсыз қоғам», «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Әкімдер мектебі» жобалары бойынша да есеп берді.