Қазақстан әуе күштері жаңа көпфункционалды ұшақтармен толығады

Қазақстан әуе күштері жаңа көпфункционалды ұшақтармен толығады

Қазақстан Қарулы Күштерінде ұшқыштар мен инженерлік-техникалық құрамның дайындық деңгейі жоғары. Әскери авиацияның дамуы туралы брифингте Қорғаныс министрлігі Әуе Күштерінің Бас Қолбасшысы мәлімдеді. Дәурен Қосановтың айтуынша, биыл ұшқыштар 15% біліктілігін арттырып, ұшу уақытын да ұлғайтты. Бір ұшқыштың орташа көрсеткіштері 40 сағаттан асты. Өз біліктілігін инженерлік-техникалық қызмет мамандары да жетілдіріп келеді. Оқу-жаттығу жиыны барысында олар, түрлі қару-жарақ пен әскери техникаларды қолдана отыра жақсы нәтиже көрсетті. Жалпы, әуе қорғанысы күштері тактикалық және жедел дайындықты пысықтауға арналған 30 шарада өздерінің жоғары әскери дайындығын көрсетті. Дәурен Қосанов сондай-ақ әуе қорғанысы кешендері мен ұшақтар паркі қайта қарулану бағдарламасына сәйкес жаңартылып жатқандығын айтты. Осылайша, Қазақстан қарулы Күштері С-295 әскери-транспорттық ұшақтары, Ми-35 және Ми-171Ш тікұшақтарымен қатар, «Anka» ұшқышсыз ұшу аппараттарымен толықты.

Дәурен Қосанов, ҚР ҚМ Әуе күштерінің бас қолбасшысы:
-Жыл соңына дейін тағы бір «ТОР-2М» батареясы келеді деп күтіп отырмыз. Келесі жылдың басында тағы 6 Су-30СМ ұшақтары келіп қосылады. Қазір ол әлемдегі ең үздік көпфункционалды әскери ұшақ. Сонымен қатар, «Тор-М2К» зениттік-зымыран кешені мен «А-400М Атлас» әскери-транспорт ұшағымен толығамыз.