«Әділет» партиясының филиалдары ашылды
Еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдары ашылды. Осылайша, су жаңа ұйым ел бойынша өңірлік бөлімшелерін құру жұмысын толық аяқтады. Енді аумақтық бөлімдер барлық облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейді. Келесі кезеңде осы филиалдардың басқару органдары жасақталады. Яғни, төрағалар сайланып, бастапқы партиялық ұйымдар құрылады. Айта кетейік, бұл шешім «Әділет» партиясының II съезінде қабылданып, тиісті ережемен бекітілген. Құжатта өңірлік құрылымдардың құқықтық мәртебесі, жұмыс тәртібі және ішкі бақылау жүйесі нақты көрсетілген. Ал, 1 маусымда партия ресми тіркеуден өтті.

