Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуеті артып келеді

Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуеті артып келеді

Жыл басынан бері Қазақстан арқылы 895 млн тонна жүк тасымалданған. Былтырмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4 процентке өскен. Оның ішінде 29 млн тонна транзиттің үлесінде. Бұл салада өсім 21% құрады. Салаға жауапты ведомство жылды қорытындылады. Мәселен, елімізде бірнеше ірі транспорттық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары басталды. Олар теміржол, әуе және теңіз тасымалына байланысты. Олардың қатарында Алматы қаласын айналып өтетін теміржол мен Дарбаза – Мақтаарал желілерінің құрылысы басталды. Біріншісі жүк тасымалының уақытын едәуір үнемдеуге мүмкіндік берсе, екіншісі Орта Азияға тасымалдың өткізгіш қабілетін 10 млн тоннаға дейін арттырады. Одан бөлек, «Бақты-Аягөз»желісінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жобаны жүзеге асыру Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасымалын тағы 20 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Автомобиль жолдарына келер болсақ, мемлекеттік және жергілікті маңызы бар жолдардың 10 мың шақырымында жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде – Үлкен Алматы Айналма Автомобиль Жолы, «Қандыағаш-Мақат» және «Үшарал-Достық» ірі үш жобасы аяқталды.

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:
-
2023 жылдың қорытындысы бойынша көлік саласында басты көрсеткіштерге қол жеткізді. Аталған асала бойынша нақты өсім 7% құрап отыр. Негізгі капиталға көлік саласындағы салынған инвестицияалр көлемі 1 триллион 800 миллиард теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,6 есеге өсіп отыр. Халықаралық жүк тасымалы. Бұл бағытта да айтарлықтай оң өсім байқалады. Экспорттық-импорттық жүктердің жалпы көлемінің өсуі 22%, немесе 7 млн тоннаны құрап отыр. Ал транзиттік тасымал тіпті 44% артып отыр, және 3,6 млн тоннаны құрады. Отындық тасымалдаушылардың халықаралық тасымалдағы үлесі 5% артып, 47% жетті. 

Биыл Қазақстанның теңіз инфрақұрылымын дамыту мақсатында бірнеше ірі жобалар басталды. Мәселен, Құрық теңіз портында Біріккен Араб Әмірліктерінің компаниясымен бірлесіп астық терминалы іске қосылды. Ақтау портында қазірдің өзінде контейнер хабын құру, айлақты күрделі жөндеу және жүктеуші техникалар мен жабдықтарды жаңарту жоспарлануда.