Астанада V Еуразиялық экономикалық форум өтеді
28-29 мамыр күндері Астанада V Еуразиялық экономикалық форум және Жоғары кеңестің кезекті отырысы өтеді. Оған дайындық барысы жөнінде Бақытжан Сағынтаев бүгін Мемлекет басшысына баяндады. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту жөніндегі Бірлескен мәлімдеме әзірленгенін айтты. Құжат экономика саласындағы жасанды интеллект технологияларын дамыту бойынша интеграциялық бірлестік елдері ынтымақтастығының негізгі бағыттарын айқындайды.

