Қазақстанның ТМҰ елдерімен тауар айналымы артты
Түркі мемлекеттері ұйымына Цифрлық мониторинг орталығы
қажет. Бұл туралы Олжас Бектенов әріптестеріне Бакудегі кездесуде айтты.
Бастаманы тезірек жүзеге асыру үшін арнайы жұмыс тобын құру керек,- деді.
Өйткені онсыз Орта дәліздің мәртебесін нығайту мүмкін емес. Сондай-ақ, Түркі
елдерінің сауда-өнеркәсіп палаталары одағын күшейтіп, оны Түркі инвестициялық
қорымен тығыз үйлестіру қажет. Түркістанда «Тұран» арнайы экономикалық аймағы
бар. Премьер-министр әріптестерін сол жерге шақырып, бірлесіп жаңа өндіріс ашуды
ұсынды. Бүгінде Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттермен
өзара тауар айналымы 13 млрд долларға жуықтаған.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
- Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап
өткендей, бүгінде жаһан жұрты бізді зор сын-қатерлерге төтеп бере алатын,
беделі мықты, ынтымағы жарасқан мемлекеттер ретінде таниды. Ұйымының іргетасын
қалаушылардың бірі ретінде біз әуел бастан түркі интеграциясын ұзақ мерзімді,
прагматикалық әрі экономикалық тұрғыдан бағдарланған үдеріс ретінде қарастырып
келеміз.

