Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімін қабылдады. Марат Ахметжанов өңірдің биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп берді. Ақмола облысының өңдеу өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінде, көлік қызметі мен байланыс саласында оң динамика байқалады. Аймақ басшысы экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін қолға алынған шаралар туралы да айтты.

Сондай-ақ, су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарды қолдау шараларының орындалу барысы жөнінде мәлімет берді. Бүгінде 711 үй толық жөндеуден өткен. 331 үйдің құрылысы жүріп жатыр, 221 тұрғын үй сатып алынған. 1782 отбасыға бір реттік көмек берілген. 814 отбасының мүлкіне келген залал өтелген. Президент Ақмола облысының стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Мемлекет басшысы өңірдің еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде негізгі рөл атқаратынына назар аударып, агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту, соның ішінде егін жинау науқанын уақтылы әрі сапалы атқару маңызды екенін атап өтті.