Лос-Анджелесте коменданттық режим жарияланды
Лос-Анджелестегі жағдай әлі де басылар емес. Бүгін
ереуілдің 4-ші күні - Калифорния штатының орталығында миграциялық саясатқа
қарсылық білдіргендердің наразылығы күшейіп, арты дүкен тонау мен жаппай
вандализмге ұласып кетті. Қоғамдық инфрақұрылымдарға да зиян келтірілген.
Сондықтан ахуалды реттеу үшін Лос-Анджелес мэрі Карен Басс шаһарға комендаттық
режим енгізуге шешім шығарған. Бірақ
шектеу тек жекеленген ықшамаудандарға қатысты болмақ. Ал Ақ үй наразылықты басу
үшін кеше 2 мың ұлттық гвардия сарбаздарын жіберген еді. Енді бүгін тағы 2 мың
әскеридің баруына бұйрық беріпті. Лос-Аджелес мэрі Карен Басс Трамп қаланы «тәжірибе
алаңы» айналдырып, бәрін ушықтырды деп айыптаған. Ал Калифорния штаты Трампты
сотқа бермек. Соңғы ақпарға қарағанда, миграциялық саясатқа қарсылық
танытқандар енді Техас штатында да шығып жатыр.

