Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесті

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесті

Шағын және орта бизнесті қолдау - ұдайы Үкімет назарында.  Бүгін Президент отандық бизнес өкілдерімен кездесуде осылай деді. Мемлекет басшысы ірі кәсіпкерлерді алға қойылған ауқымды міндеттерді мемлекетпен бірлесіп шешуге шақырды. Ал банктерге кредиттерді субсидиялау мәселесін қарастыруды тапсырды.

Елге сан саланы серпінді дамытатын - ауқымды жобалар қажет. Әсіресе инфрақұрылым, индустрия, цифрландыруға ерекше мән берілуі тиіс. Президент ортақ іске атсалысуға ірі кәсіпкерлерді шақырды.