Қазақстан мен Әзербайжан арасында 15 құжатқа қол қойылды

Қазақстан мен Әзербайжан арасында 15 құжатқа қол қойылды

Қазақстан Әзербайжаннан 62 миллион долларға екі кеме сатып алды. Алдағы уақытта тағы да паромдарға сұраныс беріледі. Демек, енді біздің жүк тасымалдау қызметіміз арта түсуге тиіс. Бұл Әзербайжан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында жасалған 15 келісімнің бірі. Тараптар бұдан бөлек екіжақты тауар айналымын бір миллиард долларға дейін жеткізуге ниетті. Ал, өнеркәсіп саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін жол картасы қабылданады.