ОСК: Үш үміткер сайлау туралы конституциялық заңда белгіленген талапқа сай емес

Президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылған үш кандидат Орталық сайлау комиссиясының тіркеуінен өткен жоқ. Олар Сайлау туралы конституциялық заңда белгіленген талапқа сай болмай шықты. Құзырлы орган Қазақстан құрылысшылар одағынан ұсынылған - Талғат Ерғалиевтің және оралмандардың «Асар» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Хайрулла Ғабжалиловтың, сондай-ақ «Тәжірибелік психология» қоғамдық бірлестігінен ұсынылған Фатима Бизақованың кандидатурасы талаптарға сәйкес келмейтінін анықтаған.