Израиль Иранннан кек ала ма?
Израиль әскерилері Бейрутқа әуе шабуылдарын жасады. Кем дегенде алты адам қаза тапты. Бұл осы аптадағы Ливан орталығына Израильдің екінші рет оқ жаудыруы. Сондай-ақ Израиль тарапы алдағы күндері Иранның мұнай өндіру нысандары секілді стратегиялық орындарына шабуыл жасайтындарын мәлімдеді. Кек алу үшін тіпті истребитель қолданылуы мүмкін деген пікірлер айтылып жатыр. «Хамас» көшбасшысы Ханияға қолданылғандай жасырын операциялар жүргізетіндерін де жасырмайды. Кейбір сарапшылар Таяу Шығыста үлкен соғыс болмайды деп болжайды. Өйткені бұл тараптарға тиімсіз.
Сұлтан Әкімбеков, саясаттанушы:
– Иранда экономикалық жағдай мәз емес. Оның үстіне Иран ядролық шартты қалпына келтіруге ниетті. Бұл келісімді Дональд Трамп үзген болатын. Енді жаңа Иранның Президенті Масуд Пезешкиан бұл мәселеге үлкен көңіл бөліп отыр.

