ИКАО Қазақстан авиациясының қауіпсіздік рейтингін 84% көтерді

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 84% дейін көтерді. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 15% жоғары. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ұйымды тәуелсіз бағалау еліміздің Азаматтық авиация саласын басқарудағы жаңа тәсілін талдауға бағытталған. Бұдан басқа бұл нәтижелер ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында бұрын анықталған ескертулерді жоюдағы Қазақстанның бүгінде қол жеткізген прогресін атап өтуге мүмкіндік берді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта аталмыш көрсеткіш бойынша еліміз көптеген мемлекеттен жоғары орналасып, Нидерланд, Бельгия, Португалия, Чехия, Латвия, Дания, Исландия, Польша, Словения, Кипр сияқты еуропалық елдермен қатар орналасты. Шетелдік сарапшылар атап өткендей, осылайша, бүгінде қазақстандық әуе тасымалдаушылардың Еуропалық комиссияның «қара тізіміне» енуіне немесе шетелдік рейстердің шектелуіне ешқандай қауіп жоқ.

Питер Гриффитс, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директоры:

- Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Азаматтық авиация комитетімен және Қазақстан министрліктерімен белсенді ынтымақтастықта қызмет атқарады. Біз ИКАО бұйрығына сәйкес жоғары жетістікке жету үшін бірге жұмыс істейміз. Бұл бұйрық Қазақстанның авиациялық мүдделерін басқару тұрғысынан мүмкіндіктерін және республиканың ұшу қауіпсіздігі бойынша ескертулерді жою бойынша жетістіктерін едәуір кеңейтті.Бұл ретте жуырда Қазақстан ұшу қауіпсіздігі бойынша әлемнің жетекші елдерінің қатарына қосылады.

Авторы: Бану Тәжібек