Түркиялық конгломерат инвестициялық жобалар жоспарлап отыр

Түркиялық конгломерат инвестициялық жобалар жоспарлап отыр

Түркиялық «Eren Holding» ірі конгломераты Қазақстандағы бірнеше жобаларға иевестиция салуы мүмкін. Бұл туралы үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен түркиялық холдинг басшысы Ахмет Эрен кездесуінде белгілі болды. Премьер-министр Қазақстанда түркиялық капитал арқылы 4 мың компания жұмыс істеп жатқанын айтты. Қазірдің өзінде, тау-кен металлургиясы, инфрақұрылым, тамақ өнеркәсібі мен фармацевтика салаларында жобалар іске қосылды. Үкімет басшысы екі ел әріптестігін нығайту қажеттілігіне тоқталды. Оның үстіне, Алихан Смайыловтың айтуынша, заманауи институционалдық орта қалыптасқан, түрлі салық жеңілдіктері мен мемлекеттің кепілдіктері берілгендіктен, шетелдік инвестицияларға барлық жағдай жасалған. Ал, Ахмет Эрен болса, өз холдингінің бірнеше салада инвестиция салуды жоспарлап жатқандығын жасырмады. Оның ішінде, қағаз өндірісі, энергетика мен тігін өнеркәсібі бар.. Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар бірнеше тиімді жобаларды қарастырып, зерттеуге уағдаласты.