Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Президент оларды Қазақстандағы дипломатиялық миссияның ресми басталуымен құттықтады. Сондай-ақ, елшілер арқылы сол мемлекеттердің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан сыртқы саясатта бейбітшілікті жақтайтынын, БҰҰ Жарғысының қағидаттарын берік ұстанатынын атап өтті. Сонымен қатар, еліміздің халықаралық ынтымақтастыққа әрдайым ашық екенін жеткізді.