Кейбір кәсіпкерлер жеңілдетілген салық режиміне көшеді

Кейбір кәсіпкерлер жеңілдетілген салық режиміне көшеді

Енді елде кейбір кәсіпкерлер жеңілдетілген салық режиміне көшеді. Осыған байланысты бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов арнайы қаулыға қол қойды. Бұйрық келесі жылдан бастап күшіне енбек. Тізімге бизнестің 40 түрі жатқызылған. Оның ішінде мал шаруашылығы, жиһаз жасау, такси қызметтері де бар. Қыркүйек айында жеңілдікке 300-дей кәсіп түрі ұсынылып еді. Жаңа тізім солардан іріктеліп дайындалған. Қаулы енгізілген соң айналымы жылына 40 млн теңгеге дейінгілер қосымша құн салығынан босатылады. Айта кетейік, елде жеңілдетілген режимге өтпеген 800 -ге жуық кәсіп бар. Олар жаңа Салық кодексіне сай өз төлемдерін жалғастыра бермек.