Қазақстанның өндіріс саласында жалпы құны 1,5 трлн теңгенің 180 жоба іске қосылады

Қазақстанның өндіріс саласында жалпы құны 1,5 трлн теңгенің 180 жоба іске қосылады

Биыл Қазақстанда жалпы құны 1,5 трлн теңгені құрайтын өңдеу өнеркәсібінің жаңа 180 жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл қатарда ферроқорытпа, жүк көліктері және жел энергетикасы қондырғыларына арналған құрамдас бөліктер, тұрмыстық техника шығаратын зауыттар, сондай-ақ ұсталық-бандаж кешені бар. Басты мақсат – импорттық тәуелділіктен арылып,  қазақстандық таурлар мен қызметтердің экспорттық әлеуетін арттыру. Үкіметте отандық кәсіпкерлер кеңесінде осының қамында қолға алынған шаралар мен мемлекет тарапынан қолдау тетіктері пысықталды. Оның бірден бір жолы қолданыстағы өндірістерді жаңғыртып, жаңаларын ашуға жағдай жасау. Былтыр бұл бағытта шамамен 170 жоба жүзеге асты. Импорты алмастыруды ынталандыру үшін отандық өңдеушілерді қолжетімді бағамен, шикізатпен қамтамасыз ету механизмі іске қосылды. Олармен 66 млрд теңгеге бағаланған ұзақмерзімді 179 оффтейк келісімшарттар жасалды. Жергілікті өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру да басты назарда. Нәтижесінде сыртқы сауда қарқын алды. Өткен жылдың 11 айында өңдеу өнеркәсібінің шет елдермен тауарайналымы 12% ұлғайып, 74 млрд доллардан асқан.