Грекия Президентіне құттықтау жеделхаты жолданды
Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Грекияны ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Осы елдің Президенті Константинос Тасуластқа жолданған жеделхатта мемлекет
басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара ынтымақтастыққа негізделген
қатынастардың тұғыры берік, әлеуеті зор екенін айтқан деп хабарлайды Ақорда.
Сондай-ақ, жеделхатта: «Болашақта да сан қырлы ынтымақтастығымыз
халықтарымыздың игілігі үшін беки түседі» деп қорытындыланыпты. Қасым-Жомарт
Тоқаев Константинос Тасуластың аса жауапты қызметіне табыс, ал Грекия халқына
құт-береке тілеген.

