Ассамблеяның даму тұжырымдамасы жасалады

Ассамблеяның даму тұжырымдамасы жасалады

Этносаралық қатынасты ешқашан саясат құралына айналдыруға болмайды. Өйткені біз үшін ішкі тұрақтылық өте маңызды. Бұл бағытта Қазақстан халқы Ассамблеясы өз үлесін қосып келеді. Бүгін Президент Ассамблеяның 34-ші сессиясында қатысып, қоғамдық институтқа жаңа міндеттер жүктеді. Құрылғанына 30 жыл болған ұйымның атқарған жұмысы ауқымды. Оған Мемлекет басшысы жақсы бағасын да берді. Тек енді 2030 жылға дейінгі жоспарын айқындап, стратегиялық штабқа айналуы тиіс.