Әзербайжан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Әзербайжан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Астана әуежайынан күтіп алды. Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысын өткізеді. Сарапшылар бұл – жай ғана протоколдық кездесу болмайды, аймақтық қауіпсіздік, қорғаныс, жоғары технологиялар және бірлескен инфрақұрылымдық жобалар талқыланады деп болжайды. Сондай-ақ, жобалардың іске асырылуын бекітетін құжаттарға қол қойылуы ықтимал.