Президент әскери тәртіпті күшейтуді жүктеді

Президент әскери тәртіпті күшейтуді жүктеді

Президент Қарулы күштер сапында тәртіп орнату жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы есеп алды. Бүгін Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов мемлекет басшысының қабылдауында армияның жауынгерлік әзірлігі және Қарулы күштерді дамытудың басымдықтары жөнінде мәлімет берді. Цифрлық технологияларды енгізу, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары, сондай-ақ қорғаныс инфрақұрылымын жетілдіру шаралары туралы баяндады. Жоғарғы Бас қолбасшы министрге армияның жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру, әскери және құқықтық тәртіпті күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.