Амина Мұхаммед БҰҰ мақсаттарын жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасының рөлін жоғары бағалады

Амина Мұхаммед БҰҰ мақсаттарын жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасының рөлін жоғары бағалады

БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Амина Мұхаммед республиканың Сыртқы істер министрлігінде БАҚ өкілдерімен кездесуде БҰҰ-ның негізгі мақсаттары мен қағидаттарын жүзеге асырудағы Қазақстанның рөлін бағалады. Амина Мұхаммед Қазақстанның аймақтық және халықаралық деңгейде тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге белсенді қатысуын ерекше атап өтті. Оның сөзінше, бұл факт БҰҰ-ның елімізге одан әрі осы бағыттағы қолдауын кеңейтуге ықпал етеді. Халықаралық ұйым өкілі Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге ұмтылысы Орталық Азияның басқа мемлекеттері үшін үлгі болуы тиіс екенін сөз етті. Сондай-ақ Қазақстандағы ұлттық реформалар мен жалпыхалықтық референдумға байланысты өз пікірін білдірді.

Амина Мұхаммед, БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары:

– Қазақстан Президентінің мақсаты - 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу. Осы мақсаттың жүзеге асырылуын қадағалайтын боламыз. Бұл процесс жаңа бизнес-модельді қалыптастыруға қалай әсер етеді және жалпы «жасыл экономикаға» апаратын жол қандай болмақ? Қазақстанда жақында өткен референдумды ескере отырып, саяси реформалар үдерісін құптаймыз. Біріккен Ұлттар Ұйымы референдумды 2022 жылы өткізу туралы шешімді қолдаған болатын.