Қасым-Жомарт Тоқаевты әріптесі Садыр Жапаров қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаевты әріптесі Садыр Жапаров қарсы алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары басталды. Мемлекет басшысын Манас халықаралық әуежайында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды. Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысына қатысады. Яғни, Бішкекте мемлекет басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту мақсатын талқыламақ. Сондай-ақ, екі ел Президенті Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады.