ШЫҰ-ның саммитіне 15 елдің басшысы мен халықаралық ұйым жетекшілері келді

Жалпы, Астана саммитіне 15 елдің басшысы мен халықаралық беделді ұйымдардың жетекшілері қатысады. Олардың қатарында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай төрағасынан бөлек, Ресей, Әзербайжан, Түркия президенттері, Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары, Қатар әмірі бар. Иран президентінің міндетін атқарушы мен Үндістанның Сыртқы істер министрі де алқалы жиынның ортасынан табылады.